Гондурас мемлекет басшысы коронавирус жұқтырған

62 жасар Кастро бұдан бұрын қос доза вакцина салғызғанын, қосымша үшінші доза екпені әлі салдырмағанын білдірді.

1774533
Гондурас мемлекет басшысы коронавирус жұқтырған

Орталық Америкадағы Гондураста мемлекет басшысы Сиомара Кастро коронавирус жұқтырған.

Кастро Twitter әлеуметтік желісіндегі есебінен жеңіл симптомдары бар екенін хабарлады.  Ол жазбасында «Ковид-19 тестім оң нәтиже берді.  Ғаламның жаратушысының қолдауымен демократиялық және атазаңдық жүйеге оралу үшін үкімет жоспарын орындауды жалғастырамын» деді.

62 жасар Кастро бұдан бұрын қос доза вакцина салғызғанын, қосымша үшінші доза екпені әлі салдырмағанын білдірді.

Гондураста бүгінге дейін коронавирус індетінен 10 мың 548 адам қайтыс болды. 397 мың 548 адам вирус жұқтырды.

Елде 28 қараша күні өткен президенттік сайлауда жеңіп шыққан Кастро 28 қаңтар күні ант беріп, міндетін бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар