Украина Ресейді әскерін шегіндіруге шақырды

Министр Кулеба: "Украина Ресейді шекараға жинаған жасақтарын шегіндіруге және Украинамен бірге Еуропаға құқай көрсетуден бас тартуға шақырады" деді.

1772534
Украина Ресейді әскерін шегіндіруге шақырды

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресейді жасақтарын елінің шекарасынан шегеруге шақырды.

Дмитрий Кулеба шетелдік журналистерге Ресеймен арадағы дағдарыс жайлы мәлімдемеде жасады.

Ресейдің Грузия мен Украинаны жаулап жатқанын ескерткен Кулеба сол себепті қауіпсіздік кепілдігін сұрайтын тарап Ресей емес, Батыс екенін айтты.

Дмитрий Кулеба 2010 жылы Украинаның тарапсыз ел болғанын, алайда бұл Ресейдің шабуылдарын тосуға жетпегенін білдірді. 

Ресейге қарсы Батысты белсенді ұстаным көрсетуге шақырған Кулеба Батыстың Ресейге Еуропа Тынық мұхиты аймағының қауіпсіздігін қалай қамдайтынын сұрауы керектігін айтты.

Ресейдің шекарасында Украинаны жаулап алуға жететіндей жасақтары болмағанына назар аударған Кулеба алайда қауіпке де ескерусіз қарамайтындарын және барлық жағдайға дайындалғандарын жеткізді.

Министр Кулеба:

"Украина Ресейді шекараға жинаған жасақтарын шегіндіруге және Украинамен бірге Еуропаға құқай көрсетуден бас тартуға шақырады" деді.

Ресейдің ниетін түсінбегендерін айтқан Кулеба қорғаныс қарулары қажет екенін және күшті бір Украинаның Ресейге қарсы ең басты күш екенін білдірді.

Кулеба Украинаның ешкімге шабуыл жасамағанын және шабуыл жоспарламағанын атап айтты. 



Ұқсас жаңалықтар