Алжирдегі табиғи газ жарылысында 8 адам қаза тапты

Алжирде бір ғимаратта табиғи газдың жарылуы кесірінен 8 адам көз жұмды.

1771962
Алжирдегі табиғи газ жарылысында  8 адам қаза тапты

Аймақтық азаматтық қорғаныс басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Сетиф уәлаятының Айн Вилман қалашығында бір ғимаратта табиғи газ жарылысы болды. 

Жарылыста алғашқы белгілеуге қарағанда 8 адам қаза тапты, 6 адам жарақат алды. 

Жарылыс салдарынан өрт шықты. Маңдағы кейбір табиғи газ құбыр желілері де зақымдалды. 

 



Ұқсас жаңалықтар