Ұлыбритания Ресеймен қарым-қатынасты жақсартқысы келеді

Лиз Трасс пен Бен Уоллес бірнеше күн ішінде Ресейдің астанасы Мәскеуге барады.

1770608
Ұлыбритания Ресеймен қарым-қатынасты жақсартқысы келеді

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс және Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес бірнеше күн ішінде Ресейдің астанасы Мәскеуге барады. 

Ұлыбритания премьер-министрлік офисінен жасалған мәлімдемеде "Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон өткен апта Ресеймен тіпті жақсы қарым-қатынас жасаудың мүмкін екенін айтты. Премьер-министр одан кейін сыртқы істер және қорғаныс министрлеріне алдымыздағы күндерде әріптестерімен кездесу үшін Мәскеуге бару жайлы бұйрық берді. Министрлерге президент Владимир Путин үкіметімен қарым-қатынасты жақсартуға және Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты азайтуға көмектесу жайлы тапсырма берді" деп көрсетілді. 

Мәлімдемеде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның алдымыздағы аптада Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесетіні баяндалды. 

 



Ұқсас жаңалықтар