Судандағы ереуілдерде 1 адам қаза тапты

Судандағы ереуілдерде осы таңға дейін 79  адам көз жұмды.

1770792
Судандағы ереуілдерде 1 адам қаза тапты

Суданда астана Хартум және кейбір қалаларда мыңдаған адам көшеге шыққан еді.

Полиция президенттік сарайына қарай өткен ереуілшілірге килігіп, көз жасаурататын газ шашты және дыбыс бомбалар лақтырды. 

Дәрігерлер комитетінің мәлімдемесіне қарағанда Хартумдағы ереуілдерде қауіпсіздік күштері оқ атты. Тиген оқтың кесірінен 27 жасындағы Мұхаммед Юсуф Исмаил қаза тапты.  

Еске сала кетейік, 25 қазанда Суданда төңкеріс болды. Әскери билікті басып алып, премьер-министр Абдалла Хамдук пен үкіметтің бірнеше мүшесін қамауға алды. Осыдан кейін Хартумда он мыңдаған азамат көшеге шығып, төңкеріске қарсылық көрсетті. Ереуілде осы таңға дейін 79  адам көз жұмған еді.

 



Ұқсас жаңалықтар