С. Корея баллистикалық зымыран сынады

Сынақтан өткізілген зымыранның Hwasong-12 типті ұзақ қашықтықтағы баллистикалық зымыран екенін хабарлады.

1770606
С. Корея баллистикалық зымыран сынады

Кеше Солтүстік Кореяның алыс қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымыранын сынағаны хабарланды.

Солтүстік Кореяның орталық ақпарат агенттігі (KCNA) сынақтан өткізілген зымыранның Hwasong-12 типті ұзақ қашықтықтағы баллистикалық зымыран екенін хабарлады.

Хабарда елдің солтүстік-батыс аймағындағы ұшыру жүйесі ең биік бұрышпен жасалған сынақтың көрші елдердің қауіпсіздігіне орай Жапон теңізінің  суларына қарай жүргізілгені хабарланды.

Биліктегі жұмысшылар партиясына жақын ұлттық газет «Rodong Sinmun» сынақтан өтіп жатқан зымыранның фотосуреттерін жариялады.

Жапония Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 5000 шақырымға жететін Hwasong-12 зымырандары бүкіл Жапония мен АҚШ-қа тиесілі Тынық мұхитының батысындағы Гуам аралына дейін жете алады.

Соңғы сынақпен бірге Солтүстік Кореяның қаңтар айында 7 зымыран сынағы жүргізгені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар