Украина Қорғаныс министрі шекарадағы жағдайды бағалады

Алексей Резников әскери шиеленіс туралы үкімет өкілдерінің сұрақтарына жауап қайтарды.

1769910
Украина Қорғаныс министрі шекарадағы жағдайды бағалады

Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников Ресей шекарасында өткен жылдың көктемімен салыстырғанда айтарлықтай әскери оқиға немесе әрекет байқалмағанын атап көрсетті.

Резников Украина парламентінде Украина мен Ресей арасындағы әскери шиеленіс туралы  үкімет өкілдерінің сұрақтарына жауап қайтарды.

Қауіпсіздік бөлімшелерімен шекарадағы жағдайды үнемі қадағалап отырғандарын білдірген Резников «Әскери тұрғыдан Ресей шекарасында өткен жылдың көктемімен салыстырғанда айтарлықтай әскери оқиға немесе әрекет байқалған емес» деді.

Беларусьте болса жағдайдың басқаша екеніне назар аударған Резников «Беларусьте әскери жаттығу өткізіп жатқан орыс сарбаздары қазір шабуылдаушы топтан гөрі оккупация жасақтарына ұқсайды және Украинадан гөрі Минскіге қауіп төндіреді. Беларусь халқына өте жылы сезіміміз бар және Беларусьқа қарсы кез келген әрекет Украинаның мүддесіне қайшы келеді. Минсктің мұны естігенін қалаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар