Байден Украинаға әскер жібермейді

Бірақ Путинге санкция жүргізуі мүмкін.

1768310
Байден Украинаға әскер жібермейді

Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденнің Украинаға әскер жіберуге ниеті жоқ екені білдірілді.

Ақ Үй баспасөз хатшысы Джен Псаки күнделікті баспасөз брифингінде Ресейдің Украинаны басып алу қаупінің әр сәт бар екенін, алайда мұның қашан болатынының белгісіз екенін айтты. «Ресей президенті Владимир Путиннің ойындағыларды біле алмаймыз» деді ол.

Псаки Америка Құрама Штаттарының әртүрлі сценарийге дайын екенін атап көрсетті. «Біз таңдайтын жол дипломатия болады, алайда шекарадағы әскери қозғалыс артып отыр» деді.

Псаки Байденнің қазір НАТО-ның шығысына шоғырланғанын атап көрсетті. Ол «Ашып айтайын, Байденнің Украинаға әскер жолдауға ниеті жоқ» деді.

Осы арада Джо Байден Украинаны басып алатын болса Ресей президенті Путинге санкция жүргізуі мүмкін екенін айтты. Ол Вашингтонда журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Бір журналистің «Украинаны басып алса, Путинге санкция жүргізер ме едіңіз?» деген сұрағына Байден «Иә» деп жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар