Ирак қауіпсіздік күштері ДАИШ-ке қарсы операция жасады

Ирак қауіпсіздік күштері Дияла уәлаятында террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы кең көлемді операция бастады.

1767897
Ирак қауіпсіздік күштері ДАИШ-ке қарсы операция жасады

Ирак ресми хабар агентігі "INA"-ның  хабарына қарағанда Ирак қауіпсіздік күштері террор ұйымы ДАИШ-тың өткен апта Диялада ұйымдастырылған шабуылдан кейін операция бастады. 

Армия, полиция және әуе күштерінің қатысуымен кеше Дияланың Узайм ауданында террористтерге қарсы кең көлемді операция ұйымдастырылды. 

Террор ұйымы ДАИШ 21 қаңтарда да Дияла уәлаятына қарасты Узайм ауданында армия күштеріне шабуыл жасаған. Оқиғада 11 Ирак әскері қаза тапқан еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар