Сахель аймағында бір француз әскер қаза тапты

Сахель аймағында 2013 жылдан бері қаза тапқан француз әскерінің саны 53-ке жетті.

1767054
Сахель аймағында бір француз әскер қаза тапты

Малидің Гао аймағындағы әскери базаға ұйымдастырылған зеңбірек шабуылында бір француз әскер қаза тапты, 9 әскер жараланды.

Елисей сарайынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Франция президенті Эммануэль Макрон Гао аймағындағы Бархане операциясына тиесілі Әскери базаға ұйымдастырылған зеңбірек шабуылында бір француз әскердің қаза тапқанына қайғырғанын білдірген.

Макрон елінің Сахель аймағында террормен күресті батыл жалғастыратынын айтты.

Фаранция Бас Штабынан жасалған мәлімдемеде шабуылды жасаған "террористерді" табу және жою үшін операция басталғаны жариряланды.

Сахель аймағында 2013 жылдан бері қаза тапқан француз әскерінің саны 53-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар