ДАИШ шабуылында 3 Ирак әскері қаза тапты

Террористік ұйым ДАИШ 21 қаңтарда Дияла уәлаятына қарасты Узайм ауданында армия күштеріне шабуыл жасап,  11 Ирак әскері қаза тапқан болатын.

1767464
ДАИШ шабуылында 3 Ирак әскері қаза тапты

Террористік ұйым ДАИШ-тың Ирактың Киркук қаласында жол жағасына қойған бомбасының жарылуы салдарынан 3 Ирак әскері қаза тапты.

Киркук Полиция басқармасының Баспасөз мәлімдемешісі Амир Нури қаланың оңтүстігіндегі Дакук ауданындағы Талия әл-Рамл және Эльбу Шехаб ауылдары арасындағы жол жағасына қойылған бомба Ирак армиясының әскери көлігі өткен кезде алыстан басқарумен жарылғанын айтты.

Мәлімдемеші террористік ұйым ДАИШ ұйымдастырған шабуылда 3 әскер қаза тапқанын, 1 әскер жараланғанын хабарлады.

Шабуылдан кейін Дакук ауданында операция басталғанын айтқан Нури операциялардың таулы аймақтарда жалғасқанын білдірді.

Террористік ұйым ДАИШ 21 қаңтарда Дияла уәлаятына қарасты Узайм ауданында армия күштеріне шабуыл жасап,  11 Ирак әскері қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар