Брюссельдегі ереуілде 15 адам жарақат алды

Бельгияның астанасы Брюссельде (Ковид-19) індетіне қарсы ұйымдастырылған ереуілде 15 адам жараланды.

1767130
Брюссельдегі ереуілде 15 адам жарақат алды

Бельгияның астанасы Брюссельде жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне қарсы ұйымдастырылған ереуілде 15 адам жараланды және 70 адам бақылау астына алынды. 

Брюссель полиция басқармасының мәлімдемесіне қарағанда Бельгия азаматтарымен қатар Франция, Голландия, Германия және Италиядан 50 мыңнан астам адам Солтүстік пойыз станциясы алдына жиналды. 

Шерушілер "еркіндік", "вакцинаға қарсымыз", "Бельгия емес, Белгистан: жалған демократия", "1930-шы жылының Германиясын еске салайық" деген ұран салды. 

Қалың адамның ішіне кірген ұшқары топтар мен полиция арасында қақтығыс болды. 

Полиция оқиға шығарған ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ шашты. 

Оқиғада 3 полиция мен 12 ереуілші жарақат алды, 70  адам бақылау астына алынды. 

Еуропа Одағы  сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель ғимаратқа жасалған шабуылды айыптады. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар