Лаңкестік шабуылда 11 Ирак әскері көз жұмды

ДАИШ тарапынан армияға қарсы ұйымдастырылған шабуылда 11 Ирак әскері қаза тапты.

1766243
Лаңкестік шабуылда 11 Ирак әскері көз жұмды

Ирактың шығысында террор ұйымы ДАИШ тарапынан армияға қарсы ұйымдастырылған шабуылда 11 Ирак әскері қаза тапты. 

Дияла операциялар қолбасшылығының мәлімдемесіне қарағанда террор ұйымы ДАИШ Дияла уәлаятына қарасты Узайм ауданында шабуыл жасады. 

Шабуылда 11 Ирак әскері көз жұмды.

Террор ұйымы ДАИШ-тің шабуылынан кейін аймаққа жоғарғы деңгейдегі бір әскери делегацияның барғаны және шабуылға байланысты тергеу жұмыстарының басталғаны білдірілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар