Меркель БҰҰ-ның ұсынысын қабылдамады

БҰҰ Бас хатшысы Ангела Меркельді жоғары дәрежелі ақылдастар кеңесіне басшы болуды ұсыныс еткен болатын.

1765303
Меркель БҰҰ-ның ұсынысын қабылдамады

Германияның бұрынғы премьер-министрі Ангела Меркель Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриштің БҰҰ аясындағы бір ақылдастар кеңесінің басшысы болуы жайлы ұсынысын қабылдамады.

Неміс ақпарат агенттігінің (DPA) хабарына қарағанда Антониу Гутерриштің Меркельге хат жазып, БҰҰ аясында жаһандық мемлекет мал-мүліктеріне байланысты құрылатын жоғары дәрежелі бір ақылдастар кеңесінің төрайымдығы міндетіне келуін ұсыныс еткені білдірілді.

Германияда 16 жыл премьер-министр болған Меркельдің офисінен жасалған мәлімдемеде Меркель өткен апта Гутерришке телефон шалып,  ұсынысты қабылдамағанын және алғыс айтқанын хабарлады.

67 жастағы Ангела Меркель 8 желтоқсанда премьер-министрлік міндетін Олаф Шольцке тапсырып берді.



Ұқсас жаңалықтар