Ковид үшін алғашқы дәріні қолдануға рұқсат берді

Канада коронавирус  таблеткасын қолдануға рұқсат берді.

1764315
Ковид үшін алғашқы дәріні қолдануға рұқсат берді

Канада федералдық денсаулық сақтау министрлігі Pfizer компаниясы шығарған коронавирус  таблеткасын қолдануға рұқсат берді.

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда, "Paxlovid"  деп аталатын дәрі елдегі Ковид-19-ға қарсы қолдануға рұқсат етілген алғашқы ауыздан алынатын дәрі болып табылады.

Мәлімдемеге сәйкес, препаратты 18 жастан асқан және одан жоғары жастағы ересектер егер олардың ковид тесті расталған болса және ауырып қалу қаупі жоғары болса емделу үшін қолданады.

16 қарашада Pfizer компаниясы Америка Құрама Штаттарының Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасына Ковид-19-ға қарсы әзірленген препаратты орташа және жоғары қауіпті науқастарды және тек вакцинацияланбағандарды емдеу мақсатымен қолдану үшін өтініш берген болатын.

АҚШ-тың фармацевтикалық компаниясы аталмыш препараттың орташа және жоғары рискі бар науқастарда ауруханаға жатуды және өлім деңгейін 89 пайызға төмендеткенін хабарлады.

АҚШ пен  Англия секілді кейбір елдер  Ковид-19-ға қарсы ауыздан емдеудің алғашқы әдісі болып табылатын "Paxlovid" деп аталатын препаратқа рұқсат берген еді.

Вирусқа қарсы жаңа дәрілерге жаһандық қызығушылық артып отыр.

 Pfizer компаниясы да жыл соңына дейін 120 миллион құты дәрі таратуға уәде береді.



Ұқсас жаңалықтар