Кенияда 15 террорист залалсыздандырылды

Кенияда Аш-Шабаб террор ұйымына қарсы операцияда 15 террорист залалсыздандырылды.

1764446
Кенияда 15 террорист залалсыздандырылды

Кения баспасөзінде жарияланған хабарға қарағанда қауіпсіздік күштері елдің Сомалимен шекарасындағы жағалау ауданы Ламуда Аш-Шабабқа қарсы операция жасады.

Соңғы апталарда қарулы және бомбалы шабуылдармен күн тәртібіне келген Ламуда ұйымға тиесілі екі лагерьдің жойылғаны білдірілді.

15 террорист өлтірілген операцияда көптеген қару мен оқтың қолға түскені жарияланды.

Тікұшақтар қолдау берген операция барысында көптеген террористтің жараланғаны білдірілді.

Әскери операция жүргізілген Ламу аймағында 6 қаңтар күні қарулы адамдар тарапынан шабуылда 7 бейбіт тұрғын, 7 қаңтар күнгі шабуылда болса 4 полиция қызметкері қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар