Қытайда вирус шектемелері жалғасуда

Қытайдың Шиан қаласы үш аптадан астам карантинге жабылғаннан кейін шектемелер сатылы түрде азайтыла бастады.

1763418
Қытайда вирус шектемелері жалғасуда

Қытайда лауазымдылар Пекин Қыс Олимпиадалары басталу алдында жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетін азайтуды нысанаға алуда.

Қытайдың Шиан қаласы үш аптадан астам карантинге жабылғаннан кейін шектемелер сатылы түрде азайтыла бастады.

Лауазымдылар Шиан қаласында қауіп аз деп қаралған аймақтарда шектемелердің жартылай немесе толық жойылғанын жариялады.

Осы аймақтарда адамдардың күнделікті қажеттіліктерін қамдау үшін белгілі уақытта үйлерінен шығуына рұқсат берілуде.

Лауазымдылар коронавирустың Дельта штамынан өрбіген індеттен кейін Шиан қаласын 22 желтоқтанда карантинге жапқан болатын.

13 миллион жан саны бар маңызды туризм қаласы Шиан өткен жылы желтоқсан айынан бері 2 мыңнан астам коронавирус оқиғасы тіркелгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар