АҚШ-та қарлы боран ұйтқып соғып тұр

Америка Құрама Штаттарында қарлы боран салдарынан 2 мың 280 рейс тоқтатылды.

1763627
АҚШ-та қарлы боран ұйтқып соғып тұр

Рейстердің жағдайын бақылап отаратын интернет сайты " FlightAware" Солтүстік Каролинаның Шарлот қаласындағы Дуглас халықаралық әуежайынан кеше мөлшермен рейстердің 90 пайызының тоқтатылғанын хабарлады. 

Ұлттық метеорологиялық қызметтің хабарлауынша Солтүстік Каролина, Оңтүстік Каролина, Джорджия және Виргиния штаттарында төтенше жағдай жарияланды. 

Қарлы боран ықпалды болған штаттардағы таулы аймақтарда қардың қалыңдығы 45 сантиметрге жетеді.

Болымсыз ауа райы салдарынан мемлекетте кем дегенде  221  мың адам электірсіз қалды. 

 



Ұқсас жаңалықтар