Нью-Йорк қаласындағы өртте 19 адам ажал құшты

Нью-Йорк қаласындағы 19 қабатты бір ғимаратта өрт шықты.

1759740
Нью-Йорк қаласындағы өртте 19 адам ажал құшты

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында 19 қабатты бір ғимаратта өрт шықты. Өртте алғашқы белгілеу бойынша 19 адам ажал құшты. 

Нью-Йорк жедел құтқару басқармасы басшысы Даниель Нигро ұйымдастырылған баспасөз жиналысында өртте іштерінде балалар да бар кем дегенде 63 адамның жарақат алғанын және  32 адамның жағдайының қауіпті екенін айтты. 

Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс та жасаған мәлімдемесінде "Осы заманауи дәуірде Нью-Йорк қаласында болған ең үлкен өрттің бірі" деді. 

Өрттің себептері әлі білгісіз. Тергеу жұмыстары басталды. 

 



Ұқсас жаңалықтар