Мексикада 75 ұшқыш вирус жұқтырған

Әуежай басшысы 75 ұшқышты қамтыған 140 қызметкер жаңа типті коронавирус індетін жұқтырғанын жариялады.

1759670
Мексикада 75 ұшқыш вирус жұқтырған

Мексикадағы Aeromexico және Aeromar әуежолы компаниясындағы 75 ұшқыш жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетін жұқтырғандықтан көптеген ұшақ рейсі тоқтады.

Авиациялық ұшқыштар қауымдастығының (ASPA) бас хатшысы Умберто Гуал елдегі Aeromexico және Aeromar әуежолы компаниясындағы 75 ұшқышты қамтыған 140 қызметкер жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетін жұқтырғанын жариялады.

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетін жұқтырған ұшқыш пен қызметкерлер карантинге кіргенін, әуежолы компаниясында қызметкер олқылығы себепті ел іші мен шетелге 22 ұшақ рейсінің тоқтағаны білдірілді.

Ұшақ рейсі тоқтаған жолаушылар Мексика Халықаралық әуежайында 24 сағат күтті.



Ұқсас жаңалықтар