АҚШ Қорғаныс министрі ковид жұқтырып алған

Остин жазбаша хабарлама жариялап,  ковид-19 жұқтырғанын хабарлады.

1755964
АҚШ Қорғаныс министрі ковид жұқтырып алған

Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрі Ллойд Остин коронавирус жұқтырып алған.

Остин жазбаша хабарлама жариялап,  ковид-19 жұқтырғанын хабарлады.

Симптом байқағаннан кейін тест жасатқанын және тест қорытындысының жағымсыз шыққанын білдірген министр ауруының жеңіл өтіп жатқанын, үйде бес күн оқшауланатынын білдірді.

Остин карантин барасында келесі аптадағы маңызды жиналыстарға онлайн қатысуды жоспарлағанын және барлық өкілеттіктердің өзінде екенін айтты.

Ол өзімен байланыста болған барша адамға тест жүргізілетінін айтып, АҚШ президенті Джо Байденмен соңғы рет 21 желтоқсанда кездескенін, 30 желтоқсаннан бері Пентагонға бармағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар