О. Кореяда шектемелер екі аптаға созылды
Оңтүстік Кореяда үкімет шектемелерді тағы екі аптаға созды.
![О. Кореяда шектемелер екі аптаға созылды](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/3d3f/04c5/7ea7/61cec9d10b558.jpg?time=1718706849)
Коронавирус жұғу оқиғалары алаңдататын деңгейге жеткен Оңтүстік Кореяда үкімет шектемелерді тағы екі аптаға созды.
Yonhap агенттігінің хабарына қарағанда, оқиға саны артқаннан кейін 18 желтоқсанда күшіне енген шектемелер 2 қаңтар күніне дейін жалғасуы керек еді. Алайда үкімет науқас саны әлі де көп болғандықтан шектемелердің 16 қаңтар күніне дейін созылуына шешім берді.
Оңтүстік Кореяда ковид-19 сақтық шаралары шеңберінде мейрамхана, кафе және барлар жергілікті уақытпен сағат 21.00, кинотеатр мен интернет кафелер сағат 22.00-де жабылады. Айырықша жабық алаңдарда төрттен астам кісі бірге отыра алмайды.
Ел көлемінде екі апта бұрын 8 мың шақты болған жұғу оқиғасы саны соңғы күндері төрт мыңға дейін төмендеді.
Ұқсас жаңалықтар
![Жаңа Зеландия Газаға гуманитарлық көмек беруде](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/4013/5ea5/18f0/653a1165d84d0.jpg?time=1718706850)
Жаңа Зеландия Газаға гуманитарлық көмек беруде
Жаңа Зеландия бұған дейін Газада атысты дереу тоқтатуға шақырған болатын.