Энтони Блинкен мен Жосеп Боррель телефонда сөйлесті

Нед Прайс Блинкен мен Боррельдің телефонда сөйлескенін жариялады.

1751366
Энтони Блинкен мен Жосеп Боррель телефонда сөйлесті

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты  жөніндегі жоғарғы өкілі Жосеп Боррель телефон арқылы сөйлесті. Телефондағы әңгімелерде Ресейдің Украина шекарасына әскер жинауы және Қытайдың Литваға жасаған саяси қысымы қолға алынды. 

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс Блинкен мен Боррельдің телефонда сөйлескенін жариялады. 

Прайс "АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Еуроодақ жоғарғы өкілі АҚШ-Еуроодақ ортақтығын күшейтуге және жалғасты бірге жұмыс істеуге деген уәделерін қайталады" деген сөздер қолданды. 

Нед Прайс екі басшының Украинаның егемендігін және территория тұтастығын қолдау үшін бірге жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. 

Прайс Блинкен мен Боррельдің Қытайдың қысымына қарсы Литваға экономикалық жақтан қолдау көрсету жөнінде келіскенін білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар