S-400 жүйесін орналастырды

Үндістан Әуе күштері де батареялардың Үндістанның Пенджап уәлаятына құрылғанын білдірді.

1750408
S-400 жүйесін орналастырды

Үндістан Ресейде өндірілген алғашқы S-400 әуе қорғаныс зымыран кешенін Пенджап уәлаятына орналастырды.

Hindustan Times газетінің хабарына қарағанда Ресей мен Үндістан арасындағы әуе қорғаныс ынтымақтастығы шеңберінде S-400 жүйесінің алғашқы батареялары құрылды.

Үндістан Әуе күштері де батареялардың Үндістанның Пенджап уәлаятына құрылғанын білдірді.

Осы қорғаныс жүйесі 400-250 км қашықтықтағы шабуылдаушы ұшақтар, баллистикалық зымыран және AWACS ұшақтарын 120 км және одан да жақын қашықтықта 40 километрлік төрт бөлек зымыранмен ату әлеуетіне ие.

Екі ел арасында 2015 жылы зымыран жүйелерін сатып алу келісіміне қол қойылып, 2018 жылы 4,5 миллиард долларлық келісім тамамдалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар