Украина сыртқы істер министрі Ұлыбританияда

Лиз Трасс астана Лондонда Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен кездесті.

1745015
Украина сыртқы істер министрі Ұлыбританияда

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс астана Лондонда сапарда болған Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен кездесті. 

Кездесуге байланысты мәлімдеме жасаған Трасс бүгін Украинаның душар болған жағдайының Ресейдің бұрынғы әдісінің бірі екенін айтты.  

Лиз Трасс Ресейдің Украинаға бағытталған шабуылының стратегиялық бір қате болатынын білдірді. 

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресейдің Украинаны жаулаған жағдайда көптеген орыс әскерлерінің өлетінін айтты. 

Кулеба Ұлыбритания сапары барысында медиа органы "Sky News"-ке жасаған мәлімдемесінде Ресейдің жаман пиғылын тоқтату үшін Америка Құрама Штаттары және Ұлыбритания сынды одақтастармен бірге жұмыс істегендерін білдірді. 

Украина армиясының елді қорғауға дайын екенін түсіндірген Кулеба "Олар экономикалық ретінде бізге шабуыл жасауы мүмкін. Біз де майданда соғысамыз. Қайғылы болса да айтуыма тура келді. Егер соғыс болатын болса, көптеген орыс әскері өледі. Ресей президенті Владимир Путин бұндай жағдайды қаламайтын шығар деп ойлаймын" деген сөздер қолданды. 



Ұқсас жаңалықтар