Норвегияда 120 адамда Omicron штамы анықталды

Ослодағы мейрамханада Рождество мерекесі қонақасына қатысқан 120 адамда Omicron штамы анықталды.

1743260
Норвегияда 120 адамда Omicron штамы анықталды

Норвегияның бас қаласы Ослодағы бір мейрамханада мерекелік қонақасыға қатысқан 120 адамда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің Omicron штамы анықталды.

Норвегия Халық дансаулығын сақтау институты Ослодағы Louise атты мейрамханада Рождество мерекесі қонақасына қатысқан 120 адамда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің Omicron штамы анықталғанын хабарлады.

Мемлекеттік телеарна NRK-ның хабарында Норвегия Энергия компаниясы Scatec-тің Рождество мерекесі қонақасына қатысқандар арасында Оңтүстік Африкаға іссапармен барғандар болғаны және осы адамдар арқылы Omicron штамының жұққаны білдірілді.

Осло қала әкімшілігі 18 қарашада осы мейрамханаға барғандардың әкімшілікпен хабарласуын сұрады.

Норвегия Денсаулық сақтау диркторының орынбасары Эспен Роструп Накстад NRK-ға берген сұхбатында жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің Omicron штамы артықшылыққа айналуы мүмкін деп пайымдады.



Ұқсас жаңалықтар