37 пайыз адам интернетке жат

2021 жылғы санақ бойынша әлемде 4.9 миллиард адам интернет қолданады.

1741062
37 пайыз адам интернетке жат

Дүниежүзі жан санының 37 пайызына тура келетін 2.9 миллиард адамның әлі интернет қолданып көрмегені білдірілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ғылым мен коммуникация технологиялары саласындағы маманданған ұйымы Халықаралық Телекоммуникация Одағы (ITU) әлемдегі интернет жағдайына байланысты рапорт жариялады.

Халықаралық Телекоммуникация Одағының рапорты интернет қолданатын адам саны 2019 жылы мөлшермен 4.1 миллиардтан 2021 жылы 4.9 миллиардқа көтерілгенін анықтады.

Интернет қолданудың артуы жаһандық өркендеу үшін жақсы хабар екені білдірілген рапорт әлемдегі теңсіздікті де ортаға салды.

Интернет қолданбаған 2.9 миллиард адамның  96 пайызы даму жолындағы елдерде екені білдірілген рапортта 4.9 миллиард қолданушының бір бөлімінің сирек қолданғаны және жылдамдығы төмен екені жарияланды.

Халықаралық Телекоммуникация Одағының төрағасы Хоулин Жау:

"Дүниежүзі жан санының үштен екі бөлегі интернет қолдануда, ал баршаның интернеттен пайдалануы үшін әлі көптеген жұмыс жасау керек" деді.

 



Ұқсас жаңалықтар