Гутерреш пен Иран Сыртқы істер министрі телефонда сөйлесті

Антониу Гутерреш пен Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян телефонда сөйлесті.

1740846
Гутерреш пен Иран Сыртқы істер министрі телефонда сөйлесті

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш пен Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян телефонда сөйлесті. 

Иран Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Гутерреш пен Абдуллах әңгіме барысында аймақтық, халықаралық, Ауғанстандағы оқиғалар және Венадағы ядролық келіссөздерді қолға алды. 

Иранның Венадағы кездесулерде жақсы бір келісім үшін талпыныс көрсеткенін қайталаған Абдуллах "Қарсы жақ ядролық келісімдегі барлық уәделерін орындаулары керек. Бұл жағдайда Иран да қадамдарын тоқтатады. Сонымен қатар жасалған әрбір қадамның дұрысталуы өте маңызды" деді. 

Гутерреш те ядролық келіссөздердің қайтадан басталуына риза екенін және бұған қолдау көрсететінін білдіріп, келісімнен үмітті болғанын атап өтті. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар