Израиль мен БАӘ теңіз көлігін жобалайды

Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктері адамсыз теңіз көлігін ортақ жобалауға келісті.

1735792
Израиль мен БАӘ теңіз көлігін жобалайды

Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктерінің сауда және әскери мақсаттармен қолданылатын адамсыз теңіз көлігін жобалауға келіскені білдірілді.

Біріккен Араб Әмірліктерінің қорғаныс өнеркәсіп компаниясы "EDGE Group" пен Израиль Авиация және ғарыш өнеркәсібі тарапынан жасалған ортақ мәлімдемеде осы келісім арқылы әрі сауда, әрі әскери мақсатпен қолданылатын М-170 типті адамсыз теңіз көліктерін жобалау нысанаға алынғаны хабарланды. 

Біріккен Араб Әмірліктері компаниясының теңіз көліктерін жобалау және басқа жауапкерліктерді атқаратыны, Израиль компаниясының алыстан басқарылатын жабдықтарды жасайтыны білдірілген мәлімдемеде жасалатын адамсыз теңіз көлігінің барлау, бақылау, жағалау қауіпсіздігі міндеттері, теңіз қауіпсіздігі, теңіз миналарын іздеу және жою, сүңгуірлерді іздеу және сүңгуірлерге қарсы соғыс операцияларында қолданылатыны жарияланды.

Мәлімдемеде  келісім аясында жобаланатын адамсыз теңіз көлігінің сауда

саласында тасымалдау, мұнай мен табиғи газды барлау және басқа жұмыстарда қолданылатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар