Жапония Өзін-өзі қорғау күштерінің мандат мерзімін ұзартты

Жапония Министрлер кеңесі Өзін-өзі қорғау күштерінің мандатын тағы 1 жылға ұзартуға шешім қабылдады.

1734392
Жапония Өзін-өзі қорғау күштерінің мандат мерзімін ұзартты

Жапонияның Өзін-өзі қорғау күштері Сомали жағалауындағы қарақшылыққа қарсы қызметінің мандатын ұзарту туралы шешім қабылдады.

Мемлекеттік қоғамдық телеарнасының хабарына қарағанда Министрлер кеңесі Сомалидің солтүстігіндегі Аден шығанағында қарақшылықпен күрес қызметін орындаған Өзін-өзі қорғау күштерінің міндет мерзімін 1 жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.

Қабылданған шешімде өңірде жұмыс істейтін Өзін-өзі қорғау күштері қызметкер санының да арттырлатыны атап көрсетілді.

Қарарда кедейшілікке қоса қарақшылыққа әкеліп соқтыратын негізгі мәселелер шешілмегені және кейбір сауда кемелерінің «Өзін-өзі қорғау күштерінің сүйемелдеуін» сұрағаны баса айтылды.

Синай түбегіндегі көп ұлтты бейбітшілік күшінде орын алған Өзін-өзі қорғау күштері қызметкерлерінің де мандатының 1 жылға ұзартылуына шешім қабылданғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар