Иран АҚШ-тың 2 әуе көлігіне ескерту жасады

Иран мемлекеттік телеарнасы оқиғамен байланысты хабар жариялады.

1731427
Иран АҚШ-тың 2 әуе көлігіне ескерту жасады

Иран Оман теңізінде әуе қорғаныс аймағына кірген АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі RQ4 және MQ-9 пилотсыз әуе көліктерін ұстап, ескерту жасағанын хабарлады.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда, Иран армиясы елдің оңтүстік шығысындағы Систан-Белужистан облысының Мекран жағажайларында «Зульфикар-1400» атымен оқу-жаттығулар өткізуде.

Хабарда оқу-жаттығу кезінде Иранның әуе қорғаныс аймағына кірген АҚШ Әуе күштеріне тиесілі RQ4 және MQ-9 екі пилотсыз әуе көлігін ұстап, ескерту жасағаны атап көрсетілді.

Хабарда АҚШ-тың пилотсыз ұшақтарының Иран армиясы жүргізген жаттығу туралы ақпарат жинау мақсатты аймаққа барғаны алға тартылды.



Ұқсас жаңалықтар