Шетелдік валюта қолдануға тыйым салды

Керими осы шешімге бағынбағандарға айыппұл салынатынын айтты.

1728616
Шетелдік валюта қолдануға тыйым салды

Талибан әкімшілігі экономикалық дағдарыста отырған Ауғанстанда шетелдік ақша бірлігінің қолданылуына тыйым салды.

Талибан баспасөз хатшысының орынбасары Билал Керими баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасады.  Ол елдегі экономикалық жағдай және ұлттық мүдделерге байланысты ауған ақшасының қолданылуын қалайтындарын айтты.

Керими барлық саудагерлер, кәсіпкерлер және халықтан шетелдік валюта қолданбауларын сұрады. Ол шетелдік валютаның ел экономикасына теріс әсер еткенін айтып, халыққа зиян тигізгенін білдірді.

Керими осы шешімге бағынбағандарға айыппұл салынатынын айтты.

Ауғанстан Орталық банкі 15 қыркүйек күні барлық азаматтардан ауған валютасын қолдануды сұраған болатын.



Ұқсас жаңалықтар