Министр саммитке қатыса алмады

БҰҰ-ға наразылық білдірді.

1727950
Министр саммитке қатыса алмады

Израильдің Энергетика министрі Карин Элхаррар жиналыс өтетін алаңға жету үшін берілген көліктер мүгедек арбасына ыңғайлы болмағандықтан COP26 жиналысына қатыса алмады.

Бұл туралы Израиль Энергетика министрлігі хабарлап,  климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Негіздемелік конвенциясының Әлем көшбасшылары саммитін (СОР26) ұйымдастырғандардың шамамен екі сағат бойы мүгедектер арбасында отыратын министр келген көліктің жиналыс алаңына кіруіне рұқсат бермегенін білдірді.

Ұйымдастырушылар министрдің алаңға жетуі үшін басқа бір көлік ұсынды, бірақ ол көлік мүгедек арбасын қолданатын кісілер үшін ыңғайлы болмай шықты. осыдан кейін министр қонақүйіне қайта кетті.

Министр Элхаррар twitter аккаунтынан саммитті ұйымдастырған БҰҰ-ға наразылық білдіріп: «2021 жылы мүгедектер үшін қолжетімділік ұсынған БҰҰ-ның өз іс-шарасында осы қолжетімділік үшін жұмыстанбауы қинайды» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар