Иранның бұрынғы президентіне айыптау

Бұрынғы президент Хасан Рухани тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасамады.

1728259
Иранның бұрынғы президентіне айыптау

Иран мәжілісі бұрынғы президент Хасан Рухани жөніндегі бір тергеуді сотқа жіберді.

Сотқа берілген актте Рухани кезінде коронавируспен күрес процесінің нашар басқарылғаны жөнінде айыптауларға орын берілген.

Иран Мәжілісінің ақпарат агенттігінің жазуынша, Денсаулық комитеті тарапынан дайындалған есеп депутаттарға ұсынылды. Айыптаулар орын алған есепке мәжілістегі 235 депутаттың 167-сі «қабыл» даусын берді.

Есеп тергеу үшін сотқа жіберілді.

Есепте Рухани басқарған кезде Коронавируспен күрес Ұлттық кеңесінің және үкіметтің індетке байланысты ұстанымының халыққа «материалдық және рухани зиян» тигізгені айтылған. Руханидің қарама-қайшы шешімдер қабылдап, індет процесінде өндіріс  тақырыбында да нашар басқарғаны айтылған.

Есепте Рухани үкіметі кезінде вируспен күрес аясында басылған қадамдардың елде өлім-жітімге жол ашқаны және Иранның «вирустан туындаған өлім-жітім жоғары елдердің бірі» екені қорытындысы көрсетілген.

Бұрынғы президент Хасан Рухани тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасамады.



Ұқсас жаңалықтар