Донбасста жікшілдердің шабуылынан бір украин әскері қаза тапты

Украина Қарулы күштері ресейшіл жікшілдердің көптеген аймақта атысты тоқтатуды бұзғанын мәлімдеді.

1728102
Донбасста жікшілдердің шабуылынан бір украин әскері қаза тапты

Украинаның шығысындағы Донбасс аймағында ресейшіл жікшілдер атқан оқтан бір украин әскері қаза тапты.

Украина Қарулы күштері жікшілдердің кеше 11, бүгін бір рет атысты тоқтату режимін бұзғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде жікшілдердің Донбасстың Павлополь, Светлодарск, Авдеевка және Водяник аймақтарына оқ жаудырғаны, шабуылдар нәтижесінде бір украин әскерінің қаза тапқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар