Меркель мен Абдуллах Берлинде кездесті

Ангела Меркель: "Палестиналықтар да өмір сүретін бір ел құрылғанда, Израильдің қауіпсіздігі кепілдікке алынатынына сенеміз" деді.

1725847
Меркель мен Абдуллах Берлинде кездесті

Германия премьер-министрі Ангела Меркель Палестина мен Израиль мәселесіне байланысты екі елдік шешім талабын қайталады.

Ангела Меркель мен Иордания королі Абдуллах Германияның бас қаласы Берлинде ортақ баспасөз жиналысын өткізді.

Ангела Меркель жиналыстағы сөзінде:

"Бұрын да айтқанымдай, екі елдік шешім пікірінен бас тартпай, жалғастыруды сұраймыз. Палестиналықтар да өмір сүретін бір ел құрылғанда, Израильдің қауіпсіздігі кепілдікке алынатынына сенеміз" деді.

Германия премьер-министрі Ангела Меркель Палестина мен Израиль мәселесіне байланысты бейбітшілік тұғырына орай Иордания королі Абдуллахқа алғыс айтты.

Иорданияның  Ақса мешіті мен Иерусалим қорларының ресми қолдаушысы екенін ескерткен Меркель:

"Бұл - маңызды және ерекше міндет. Осыған орай алғыс айтамын" деді.

Иордания королі Абдуллах Меркельдің дағдарысты шешудегі бекімділігін мақтады.

Меркельдің туралығы мен тәуелділігінің ынтымақтастық үшін маңызды екенін айтқан Абдуллах:

"Меркель әрқашан ақылдың және адам абыройының жарқыраған үлгісіне айналды" деп көрсетті. 

Абдуллах Меркельдің әлемді бай және бейбіт мекенге айналдыру үшін талпынғанын айтты.  



Ұқсас жаңалықтар