Корей түбегінде бейбітшілік үшін талпыныс

Мун Чжэ Ин өз қызметі барысында Солтүстік Кореямен бейбітшілік пен диалог орнатуға тырысатынын мәлімдеді.

1724362
Корей түбегінде бейбітшілік үшін талпыныс

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин өз қызметі барысында Солтүстік Кореямен бейбітшілік пен диалог орнатуға тырысатынын мәлімдеді.

Парламентте сөйлеген сөзінде Мун диалог пен дипломатия арқылы Корей түбегінде жаңа бейбітшілік тәртібін орнатуға бар күш-жігерін салатынын айтты.

Оңтүстік Корея басшысы Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) бұрынғы президенті Дональд Трамп пен  солтүстік кореялық әріптесі Ким Чен Ын 2018 жылы 12 маусымда алғаш рет кездескен саммитті ұйымдастыруға көмектескенін мәлімдеді. Ол бірақ бейбітшілік жолындағы талпыныстар әлі аяқталмағанын айтты.

АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы ядролық келіссөздерді жүргізуде маңызды рөл атқарған Мунның мерзімі 2022 жылы мамырда аяқталады.

Мунның жақтастары оған бейбітшілік орнатушы мықты делдал деп қарайды.



Ұқсас жаңалықтар