Талибан полиомиелитке қарсы вакцина шараларын қабылдады

БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дужаррик мәлімдеме жасады.

1721635
Талибан полиомиелитке қарсы вакцина шараларын қабылдады

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Талибанның Ауғанстан бойынша полиомиелитке қарсы вакцинаны жалғастыруды мақұлдағанын жариялады.

БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дужаррик күнделікті баспасөз жиналысында бұл елдегі полиомиелитке қарсы вакцина егу жұмыстарының 8 қараша күні басталатынын білдірді.

БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Талибан қозғалысының шешімін құптады.

ЮНИСЕФ жасаған мәлімдемеде 3 жылдық үзілістің артынан полиомиелитке қарсы вакцинация егу шараларының қайтадан басталатыны және 3,3 миллионнан астам баланы қамтитыны атап көрсетілді.

ЮНИСЕФ-тің Ауғанстан өкілі Эрве Людовик Де Лис болса бұл шешімнің полиомиелитпен күресте үлкен қадам екенін және елдегі әрбір балаға вакцина егуді мақсат еткендерін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар