Израиль әскерлері ереуілге килікті
Израиль әскерлерінің ереуілге килігуі кесірінен 2 палестиналық жарақат алды.
Жаулау астындағы Батыс Шерияның көптеген аймақтарында заңсыз еврей елді мекендеріне қарсы ереуіл ұйымдастырылды. Ереуілге Израиль әскерлері килікті. Оқиғада 2 палестиналық жарақат алды және көптеген адам газдан зардап шекті.
Кафр Каддум Халық қозғалыс ұйымының ұйымдастырушысы Мұрад Шитеви жасаған жазбаша мәлімдемесінде палестиналық және шетелдіктер қатысқан ереуілге Израиль әскерлерінің пластикалық оқ, көз жасаурататын газбен киліккенін айтты.
Шитеви жаулау астындағы Батыс Шерияның солтүстігінде орын алған Кафр Каддум қалашығында Израиль әскерлерінің шабуылы кесірінен 2 палестиналықтың жарақат алғанын және көптеген адамның газдан зардап шеккенін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.