Йемен гуманитарлық трагедия ескертуін қайталады

Ақпарат министрі Муаммер әл-Ирьяни Абдийе ауданында жағдайдың нашарлағанын мәлімдеді.

1718996
Йемен гуманитарлық трагедия ескертуін қайталады

Йемен үкіметі Мариб уәлаятынның Абдийе ауданы мен ауылдарында хоусит содырларының қоршауы жалғасқан жағдайда гуманитарлық бір трагедиямен бетпе-бет қалынатынын ескертті.

Ақпарат министрі Муаммер әл-Ирьяни Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламасында «Бір айға жуық уақыт бойы қоршауда болған Абдийе ауданында дәрі-дәрмек пен медициналық материалдар таусылды. Электр жарығы өшіп, жанармай толық таусылған соң ауданның жалғыз ауруханасында медициналық құрылғылар тоқтады. Ауданда хоуситтердің кездейсоқ жасаған шабуылдарында араларында әйел мен балалар да бар 160 бейбіт тұрғынның жаралы екені анықталды. Хоуситтер ауданға қарасты әр түрлі ауылдарда 500-ге жуық үйге шабуылдады. Кейбір аудандарда хоусит мергендер қозғалатын кез-келген нәрсеге оқ жаудырады» деді.

Екінші жағынан Йемен Сыртқы істер министрі Ахмед Авад ибн-Мубарак Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерришке Абдийе ауданында қоршауда қалған 35 мың бейбіт тұрғынның жағдайына алаңдағанын жеткізіп, БҰҰ-ның көмегін сұрады.



Ұқсас жаңалықтар