Йемендегі бомбалы шабуылда 3 кісі мерт болды

Аден әкімі Ахмед Хамид Лемлестің қастандықтан аман құтылғаны, шабуылда 3 кісінің қаза тапқаны және 4 кісінің жараланғаны хабарланды.

1717451
Йемендегі бомбалы шабуылда 3 кісі мерт болды

Йеменде Аден әкімі Ахмед Хамид Лемлестің көлігіне ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 3 кісі қаза тапты.

Жергілікті хабарларға қарағанда Аден уәлаятына қарасты Ат-Тавахи қаласы маңынан Лемлестің көлігі өткен кезде жолға орналастырылған бомба жарылғаны білдірілді. 

Аден әкімі Ахмед Хамид Лемлестің қастандықтан аман құтылғаны, шабуылда 3 кісінің қаза тапқаны және 4 кісінің жараланғаны хабарланды. 

Жаралылар ауруханаға жеткізілді. Үкімет лауазымдылары оқиға жайлы мәлімдеме жасамады. 



Ұқсас жаңалықтар