АҚШ пен Талибан кездесу өткізуде

Муттаки АҚШ-тың Ауғанстан халқына жаңа типті коронавирус вакцинасын беретінін айтты.

1717454
АҚШ пен Талибан кездесу өткізуде

Ауғанстанда Талибан уақытша үкіметі Сыртқы істер министрінің өкілі Эмирхан Муттаки АҚШ-пен өткізілген кездесулерде екі жақтылы қарым-қатынастарда жаңа бет ашу тақырыбы талқыланғанын айтты.

Талибан басшысы Муттаки Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында Катар бас қаласы Дохада АҚШ пен Талибан лауазымдылары арасында өткізіліген кездесулерге байланысты мәлімдеме жасады.

Муттаки АҚШ-пен өткізілген кездесулерде екі жақтылы қарым-қатынастарда "жаңа бір бет ашу" тақырыбын кеңескендерін және гуманитарлық жәрдемді басты орынға қойғандарын білдірді. 

АҚШ-тың Ауғанстан Орталық банкінің байлығына жасалған кедергіні жоюды талап еткендерін айтқан Муттаки АҚШ-тың Ауғанстан халқына жаңа типті коронавирус вакцинасын беретінін жариялады.

Муттаки сонымен бірге Талибан лауазымдыларының Еуропа Одағы өкілдерімен де  кездесетінін айтты. 



Ұқсас жаңалықтар