Иммунитетті нығайту үшін қосымша компонент салуға болады

Вакцина ауруханаға жату және ковид-тен өлім рискін де 90 пайызға азайтады.

1715041
Иммунитетті нығайту үшін қосымша компонент салуға болады

Коронавирустың жаңа түріне қарсы жетілдірілген және mRNA техникасы қолданылған BioNTech-Pfizer вакцинасының ықпалдылық деңгейі 6 айда 50 пайызға азаяды, сондықтан иммунитетті нығайту үшін қосымша компонент салу керектігі білдірілді.

Әлемнің ең беделді ғылыми журналдарының бірі The Lancet журналында бұл туралы мақала жарияланды. Мақалада BioNTech-Pfizer вакцинасын екі компонент салдырғаннан кейін уақыт өте қорғаушылық қабілеті 88 пайыздан 47 пайызға азайғаны айтылды. Аталмыш вакцинаның «Дельта» және осыған ұқсас штаммдарға қарсы тиімді екені атап көрсетілді. Осы вакцина ауруханаға жату және ковид-тен өлім рискін де 90 пайызға азайтады.

Вакцина 2 компонент салынғаннан кейін «Дельта» штаммына қарсы бірінші ай 93 пайыз қорғайды, 4 айдан кейін бұл көрсеткіш 53 пайызға дейін төмендейді.

Жаңа шыққан штаммдарға қарсы вакцинаның қорғау көрсеткіші 97 пайыздан 67 пайызға азаяды.

 Pfizer және  Kaiser Permanente компанияларының зерттермендері жаңа зерттеуді вакцина жетілдірілген 2020 жылдың желтоқсан айынан бері 3,4 миллион адамның деректеріне сүйеніп дайындады.

АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмек департаменті (FDA) қыркүйек айының аяғында 65 жастан үлкен кісілер мен жоғары рискке ие азаматтар үшін осы вакцинаның үшінші компонентін салғызуға рұқсат берген еді.



Ұқсас жаңалықтар