"Демократияға да біз керекпіз" деді

Меркель халықты демократия үшін жұмыстануға шақырды.

1714266
"Демократияға да біз керекпіз" деді

Германия Демократиялық Респубоикасы мен Федералды Германия Республикасының қосылуына 31 жыл болды.

Осыған орай құттықтаулар биыл Саксония-Анхальт уәлаятындағы Галле қаласында өткізілді. Мерекелік шараға канцлер Ангела Меркел, президент Франк-Вальтер Штайнмайер, министрлер, уәлаят басшылары, депутаттар мен заң шығару органдарының басшылары қатысты.

Өткен аптадағы сайлаудан кейін жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетін жалғастыратын канцлер Меркель халықты демократия үшін жұмыстануға шақырды. «Бізге демократия керек екені секілді демократияға да біз керекпіз. Демократия тұрған жерінде тұрмайды. Ол үшін бірге жұмыс істеуіміз керек» деді ол.

Меркель баспасөз еркіндігі секілді жоғары құндылықтарға шабуыл болып тұрғанын, қоғамда дезинформация және жек көрушіліктің асқынғанын айтты. «Бұл оқиғаларда тек жеке адамдар немесе топтарға ғана емес, демократияға қарсы шабуыл бар» деді ол.

Германияның екі бөлігінің қосылуының жылдығы тек Галле қаласында емес, сонымен бірге елдің басқа қалаларында да тойланды.



Ұқсас жаңалықтар