ИЫҰ Израильді қатаң түрде айыптады

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Израильдің палестиналықтарға бағытталған саяси ұстанымын қатаң түрде айыптады.

1713616
ИЫҰ Израильді қатаң түрде айыптады

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) Израиль басқыншылығындағы Иерусалимнің шығысында құқық бұзушылығын қатаң түрде айыптады.

ИЫҰ жазбаша мәлімдемесінде «Иерусалимге заңсыз қоныстану, этникалық тазарту және палестиналықтарды күштеп елді-мекендерінен шығаруды көздейтін Израильдің басып алу саясатының нәтижесі» туралы ескерту жасады.

Израильдің Иерусалимнің шығысында палестиналықтардың тарихи болмысы мен құқықтық мәртебесін өзгертуге және елді өзіне қаратуға тырысқаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Израильдің Палестина тұрғындарының Әл-Ақса мешітіндегі діни ғибадаттарын орындауына кедергі жасауын, қасиетті орындарға деген құрметсіз ұстанымын және ашық түрде дін бостандығын жоқ деп есептеуін» айыптады.

Израиль полициясының қолдауымен Суккот (пергола) мерекесіне орай Иерусалимнің шығысында Ескі қала аймағындағы Әл-Ақса мешітінің ауласына басып кірген фанатик еврейлер 27 қыркүйек күні Әл-Харам мешітінде Израиль байрағын көтерген болатын.

Израиль полициясы болса Шерияның батысынан Әл-Ақса мешітіне таң намазын оқуға өтпек болған жүздеген палестиналыққа да кедергі жасаған еді.



Ұқсас жаңалықтар