АҚШ армиясында өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы артты

Өткен жылы 580 АҚШ әскерінің өз-өзіне қол жұмсағаны жарияланды.

1713274
АҚШ армиясында өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы артты

АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) АҚШ армиясындағы өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары туралы жылдық есебінде белсенді міндеттегі әскери қызметкерлер арасында өз-өзіне қол жұмсау мөлшерінің алдыңғы жылмен салыстырғанда 2020 жылы 9,1 пайызға артқаны атап көрсетілді.

Есепте резервтік күштер арасында өз-өзіне қол жұмсау көрсеткішінің бірдей кезеңмен салыстырғанда 19,2 пайызға, ал ұлттық гвардия арасындағы өз-өзіне қол жұмсау мөлшерінің 31,7 пайызға өскені білдірілді.

Өткен жылы белсенді міндеттегі, резервтік күштер және ұлттық гвардияшылар арасында 580 жауынгердің өз-өзіне қол жұмсағаны баяндалған есепте белсенді міндеттегі әскерлер арасында өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші 5 жыл ішінде 41,4 пайызға артып, 100 мың адамнан 28-ге жеткені атап көрсетілді.

Есепке қатысты мәлімдеме жасаған АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин «Қорытынды қорқынышты. Сарбаздарымыз бен отбасылары арасында өз-өзіне қол жұмсау әлі де жоғары және үрдістер дұрыс бағытта жүрмейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар