Суданда төңкеріс әрекеті сәтсіз аяқталды

Төңкеріс әрекетін бастаған 40 офицер қамауға алынды.

1708464
Суданда төңкеріс әрекеті сәтсіз аяқталды

Суданның бас қаласы Хартумда бір топ әскер әскери төңкеріс жасағысы келді.  Олардың бұл әрекеті сәтсіз аяқталды.

Мемлекеттік телеарна мен радиолар тікелей эфирлерінде халықты төңкеріске қарсы тұруға шақырды. Ресми органдар бас қаланың Умдурман аймағында бір топ әскердің кейбір әскери көліктерді алып, төңкеріс жасауға әрекет еткенін хабарлады.

Судан Егемендік кеңесінің баспасөз хатшысы Мұхаммед әл Феки Сүлейман жағдайдың бақылауға алынғанын білдіріп,  халықты елді төңкеріске қарсы қорғауға шақырды. Төңкеріс әрекетін бастаған 40 офицер қамауға алынды.



Ұқсас жаңалықтар