Талибан жүйелі армия құрады

Талибан жақын уақытта елде жүйелі армия құратынын хабарлады.

1706562
Талибан жүйелі армия құрады

Ауғанстанда билікті қолына алған Талибан жақын уақытта елде жүйелі армия құратынын хабарлады.

Талибан үкіметінің Бас штаб төрағасы Кари Фасихуддин Кабулда бір конференцияда сөз сөйлеп, елдегі әскери жүйе туралы Талибан әкімшілігінің жоспарын білдірді. Ол елде мықты және жүйелі армия құру бағытында жұмыстардың жүріп жатқанын айтты.  Жоспардың жақын уақытта жүзеге асатынын атап көрсетті.

Сонымен қатар Фасихуддин елде этникалық және тойтарысқа негізделген тәртіпсіздіктерді бастыратындарын айтты.

Ауғанстандағы 34 уәлаяттың 33-і Талибанның бақылауында.  Алайда Кабулдың солтүстігіндегі Панджшер уәлаяты жергілікті топтардың қолында қалған болатын. Ұлттық Тойтарыс майданы деп аталған осы топтарды бұрынғы қолбасшы Ахмет Шах Месудтың баласы Ахмет Месуд басқаратын еді.

Тәліптер 6 қыркүйек күні осы уәлаяттағы топтармен арадағы қақтығыстың аяқталғанын және аймақта бақылауды өз қолдарына алғандарын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар