Ұлыбританияда көз жұмғандардың көпшілігі вакцина екпегендер

Ұлыбритания Ұлттық статистика басқармасы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1705832
Ұлыбританияда көз жұмғандардың көпшілігі вакцина екпегендер

Ұлыбританияда 2 қаңтар мен 2 шілде аралығында ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандардың тек 1,2 пайызының ғана толық вакцина еккені атап көрсетілді.

Ұлыбритания Ұлттық статистика басқармасының мәлімдемесіне қарағанда Ұлыбританияда 2 қаңтар мен 2 шілде аралығында 51 мың 281 адам ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болды.

Ковид-19 салдарынан қайтыс болғандардың 38 мың 964-і вакцина екпесе, 1-ші компонент салғандар саны 11 мың 677, 2-ші компонент вакцинация салдырғандар саны 640 болды.

Осылайша ковид-19 салдарынан 2-ші компонент салдырғандар арасында қайтыс болғандар тек 1,2 пайызын ғана құрады.

Сондай-ақ деректерге қарағанда толық вакцина еккендер арасында ковид-19 салдарынан көз жұмғандардың орташа жасының 84 екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар