Мұсылман ғалымдардан Ауғанстанның уақытша үкіметіне шақыру

Бүкіләлемдік мұсылман ғалымдар одағы Ауғанстан үкіметін исламдық басқару үлгісін қабылдауға шақырады

1705724
Мұсылман ғалымдардан Ауғанстанның уақытша үкіметіне шақыру

Бүкіләлемдік мұсылман ғалымдар одағының Ауғанстанда тәліптер құрған уақытша үкіметті исламдық басқару үлгісін қабылдауға шақырды.

Бүкіләлемдік мұсылман ғалымдар одағының ресми интернет парақшасынан жасалған жазбаша мәлімдеде Ауғанстанда құрылған жаңа үкіметтің премьер-министрі Молла Мұхаммед Хасан Ахунд құттықталды.

Мәлімдемеде үкіметтен Мұхаммед пайғамбар мен төрт халиф орнатқан басқарудың исламдық үлгісін қабылдауды сұрады.

Одақ жаңа үкіметті «шура» жүйесін енгізуге, әділетті орнатуға, қантөгісті тоқтатуға, құқық пен бостандықтарды құрметтеуге, қоғамның барлық топтарын қабылдауға, әлеуметтік татулықты нығайтып, бейбітшілік ортасын құруға шақырды.

Бүкіләлемдік мұсылман ғалымдар одағы жаңа үкіметке әртүрлі қолдау көрсететінін де баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар